6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҰлытау ауданының аумағында төрт браконьер құрықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, полиция қызметкерлері «Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторларымен бірлесіп жүргізген рейд шеңберінде бірнеше адамнан құралған браконьерлік топты анықтаған.
Тексеру барысында ұсталғандардан «Урал» маркалы екі мотоцикл, 15 ақбөкен еті, 29 дана кесілген мүйіз, 2 бірлік тегіс ұңғылы қару табылды. Ұсталғандар 44-53 жас аралығындағы көрші облыстың тұрғындары болып шықты, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі