Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЖезқазғанда ULYTAU CREATIVE HUB креативті хабының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, жоба мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып, жергілікті креативті экономика өкілдерін қолдауға бағытталған.
Мұнда оларға барлық қажетті цифрлық және шығармашылық жағдай жасалған. Ауданы 400 шаршы метр болатын ғимарат тақырыптық зертханаларға бөлінген. Атап айтқанда, 3D модельдеу, зергерлік өнер, ұлттық киім, кескіндеме залы, домбыра мен қобыз жасау шеберханалары секілді 13 аймақтан тұрады, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта хабта 30 шебер жұмыс істейді. Бұл алаңның мүмкіндіктерін кез келген адам пайдалана алады.
Ұлытау облысының креативті орталығы бірыңғай инфрақұрылымы, қолдау және көмек құралдары бар республикалық экожүйенің бір бөлігіне айналады.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар