23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ұлытау облысында есірткімен күрес бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан күдікті қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция қызметкерлері есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңды айналымына бақылау жүргізу мақсатында медициналық мекемелерді, дәріханаларды және кәсіпорындарды тексерді. “Дәрмек” жедел-алдын алу шарасы барысында рецептсіз күшті әсер ететін дәрілерді заңсыз сату бойынша үш дерек анықталды.
Сонымен қатар бес есірткіге қатысты қылмыс әшкереленді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жәйрем кентінің тұрғыны аса ірі көлемдегі есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Күдіктінің үйіне санкцияланған тінту жүргізу кезінде 4 килограмм марихуана табылып, тәркіленді. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік