Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҰлытау облысында полиция адасып кеткен екі азаматты аман-есен тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Polisia.kz мәліметінше, Ұлытау ауданында екі күнге созылған іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полиция қызметкерлері далада адасып кеткен екі азаматты аман-есен тапты.
19 тамызда Ұлытау аудандық полиция бөліміне екі азаматтың көліктері сынып, байланыссыз қалғаны туралы хабар түскен. Туыстары көмек сұраған соң бірден жедел іздестіру іс-шаралары басталды. Іздестіру тобына жергілікті жер жағдайын жақсы білетін тәжірибелі қызметкерлер тартылды. Олардың қатарында полиция капитаны Нұрсұлтан Байболовтың басшылығымен майор Темірлан Үмбет, капитан Нұрбол Ақбергенов, аға лейтенант Серік Медет және сержанттар Барысхан Қылыбекұлы мен Айдын Сейтжаппар болды, - делінген мәліметте.
Екі күн бойы жүргізілген іздестіру нәтижесінде жоғалғандар табылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазір олар туыстарына аман-есен табысталды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады