Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарТөтенше жағдайларға жедел ден қою деңгейін арттыру және өңірлік бөлімшелердің техникалық жарақтандырылуын күшейту мақсатында Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне «Қазавиақұтқару» кәсіпорнына тиесілі су төгетін құрылғысы бар Ми-8АМТ маркалы көп мақсатты тікұшақ берілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әуе көлігін тапсыру төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әріновтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан стратегиялық бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Бұл бағдарлама өңірлердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және ТЖМ құрамындағы авиация әлеуетін дамытуға бағытталған.
Ресми тапсыру рәсіміне Ұлытау облысы ТЖД бастығы Есен Байыров пен облыс әкімі Дастан Рыспеков қатысты.
Ми-8АМТ тікұшағы іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу, шұғыл медициналық көмек көрсету және зардап шеккендерді эвакуациялау, табиғи және техногендік сипаттағы өрттерді сөндіру, орман алқаптары мен ерекше қорғалатын аумақтарды әуеден патрульдеу сияқты кең ауқымды міндеттерді орындауға қолданылады, - делінген мәліметте.
Тікұшақ заманауи жабдықтармен, соның ішінде әртүрлі күрделіліктегі өрттерді тиімді сөндіруге арналған су төгетін құрылғысымен жабдықталған.
Тікұшақ арнайы ұшу базасында орналастырылып, онда тәулік бойы техникалық қызмет көрсету, жанармаймен жабдықтау және экипаждың жедел ұшуға әзірлігі қамтамасыз етіледі.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?