12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҰлытау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Жезқазған қаласының Алаш алаңында ТЖ департаментіне түрлі мақсаттағы құтқару техникасының кілттерін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа құтқару техникасы ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, өрттерді жоюға және азаматтарды құтқаруға көмектеседі.
Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 6 өрт сөндіру автоцистернасы сатып алынды.
Сонымен қатар, Ұлытау гарнизонын күшейту үшін Астана қаласы және Қарағанды облысы ТЖД түрлі функционалдық мақсаттағы 5 бірлік техниканы (автоцистерналар, жерүсті көлігі, автобус, автокран) берді.
"Халық достығы мен мәдениеті үйінде" Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті үшін Туды салтанатты түрде тапсыру және ТЖД офицерлер құрамына атақтар тапсыру рәсімі өтті.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер