2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліПрезидент тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет өңірлердің алдағы жылыту маусымына дайындығын кешенді тексеруді жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша құрамына өңірлік инспекторлар, Премьер-министрдің кеңесшілері Ермек Маржықпаев пен Ералы Тоғжанов енген үкіметтік жұмыс топтары коммуналдық нысандардың жай-күйімен және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлытау облысында Ермек Маржықпаев Жезқазған қаласының ЖЭО мен Сәтбаев қаласының жылу стансасындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Сондай-ақ қалалық магистральдық жылу желілерінің құрылысы мен реконструкциясын тексерді. Бүгінгі таңда өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары 66%-ға, электр желілерін жөндеу жұмыстары 74%-ға орындалған.
Ақтөбе облысында Ералы Тоғжанов Ақтөбе қаласының ЖЭО, «Батыс-2» және «Ақтөбе-сити» қазандықтарының, сондай-ақ «Aqtobe su-energy group» АҚ жүктемелеріне дайындығын тексерді. Инвестициялық бағдарламалар аясында кәсіпорындарда негізгі жабдықтар мен желілердің тозуын азайтуға мүмкіндік беретін жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда аймақтың қыс мезгіліне жалпы дайындығы 85%-ды құрайды.
Жылыту маусымына дайындық Үкіметтің ерекше бақылауында тұр.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс