Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҰлттың ұясы атанған Ұлытау жайлы жаңа тарихи-танымдық жоба – «Ұлытау-GEO» деректі фильмдер топтамасы жарық көрді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Фильмді «Qazcontent» акционерлік қоғамы түсірген. Жобаның басты мақсаты – Ұлытаудың кенді өңір ретіндегі маңызын ғана емес, сонымен қатар тарихи және рухани орталық ретіндегі құндылығын кеңінен таныту. Сондай-ақ фильм аймақтың киелі орындарын насихаттап, туризмді дамытуға және жастардың тарихқа қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Деректі фильм жеті бөлімнен тұрады. Онда Жошы хан, Алаша хан кесенелері, Хан ордасы, Әулиетау (Ақмешіт) сияқты қасиетті орындар мен Ұлытау ауылының қазіргі бейнесі қамтылған.
Фильмде Ұлытау облысының өткені мен бүгінгі келбеті астасып, шахтерлердің өмірі мен наным-сенімдері, Қаныш Сәтбаевтың ғылымдағы мұрасы, сондай-ақ геология мен мәдениеттің өзара байланысы жайлы тың деректер ұсынылады.
Топтаманың алғашқы сериясы – «Дәуір көрген – Қарсақбай. Алғашқы табылған мыс» деп аталады. Ол Қазақстан металлургиясының бастау алған жері Қарсақпайға арналады. Фильмді el.kz порталының YouTube арнасынан тамашалауға болады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары