Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен «Ұлыстың Ұлы күні» Наурыз-марафоны өтіп жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға Мәжіліс және Сенат депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, өнер мен мәдениет, ұлттық спорт өкілдері және ерекше ерлігімен көзге түсіп жүрген қазақстандықтар қатысады. Шарада арнайы құрылған этноаумақ, түрлі тақырыптағы талқылаулар өткізілетін дискуссия алаңы, экспресс-камера (сұхбат) және ұлттық ойындар алаңы болады.
Дискуссия алаңында түрлі сала өкілдері, отандық этнограф ғалымдар «Наурызнама» (Наурызды заманға сай мерекелеу дәстүрін қалыптастыру), «Ұлттық сезім» ( ұлттық киім әдебі, музыка, кино, спорт, театр саласындағы жетістіктер), «Жаңа заманның адамы» (бүгінгі заман адамы қандай болуы керек?) тақырыптарында талқылаулар өткізеді.
Марафон qazaqstan.tv сайты мен You Tube, Facebook, Instaqram парақшалары арқылы онлайн көрсетіліп жатыр. Марафон контентіне арналған Telegram-канал: https://t.me/nauryzmarathon.
Марафонды тікелей эфирден мына сілтеме арқылы тамашалауға болады:
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?