23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҰлыбританияда алғаш рет үш бірдей қауіпті тропикалық ауруды тарата алатын масалар анықталғаннан кейін ғалымдар шұғыл ескерту жасады. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Ұлыбританияның денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігі (UKHSA) мысырлық және жолбарыс масаларына тиесілі жұмыртқаларды тапқан.
Бұл түрлер денге безгегі, чикунгунья және Зика вирусын тасымалдауға қабілетті, – делінген хабарламада.
Алғаш рет мысырлық масалардың жұмыртқалары 2023 жылы Хитроу әуежайы маңындағы жүк қоймасынан табылса, жолбарыс масаларының жұмыртқалары 2024 жылы М20 тасжолындағы техникалық қызмет көрсету станциясының жанынан анықталған.
Барлық деректерге қарағанда, бұл түрлер Ұлыбритания аумағында әлі орнығып үлгермеген, – деп мәлім етті агенттік.
Мамандар климаттың өзгеруі мен қыстың жұмсаруына байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Алдағы уақытта мұндай инвазивті түрлердің ел аумағына еніп, тұрақтап қалу қаупі бар екені айтылды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады