28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАнглиядағы мектептердің бірінде қыркүйек айынан бастап ерекше оқыту тәсілі сынақтан өтпек. 9–11-сыныпта математика пәнін оқитын оқушыларға сабақ алыста тұратын мұғалім береді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ол мектептен 480 шақырым қашықта орналасқан және сабақты онлайн форматта жүргізеді. Ал сыныпта оқушылармен бірге тағы бір мұғалім болады – ол оқу процесін бақылап, қажет болған жағдайда көмектеседі.
Мектеп бұл жүйені екі себеппен енгізіп отыр. Біріншісі – жоғары білікті пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі, екіншісі – мамандығын жалғастырғысы келетін, бірақ мектепке келе алмайтын тәжірибелі мұғалімдерге мүмкіндік беру.
Алайда бұл жаңашылдық бәріне бірдей ұнаған жоқ. Білім саласы қызметкерлерінің ұлттық кәсіподағының өкілі Иэн Уоткинсон бұл тәсілді "қорқынышты" деп атап, мұғалім мен оқушы арасындағы тікелей байланыс жоғалады, ал онлайн оқыту "балалардың толыққанды білім алу құқығын шектейді" деді.
Мектеп әкімшілігі болса, сыныптағы мұғалім оқушыларды қолдап, сабақты тиімді өткізуге көмектеседі деп сендіріп отыр.
Айта кету керек, қашықтан оқыту жүйесі дәстүрлі оқытудан қымбатырақ. Дегенмен мектеп басшылығы балалар сапалы білім алуы үшін қаржы жұмсауға дайын екенін мәлімдеді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?