6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҰлыбритания өз әскерін Украинаға кіргізу жайын қарастырып жатыр. Корольдік украин әскерін оқытып, күшін қалпына келтіруге көмектеспек ниетті, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі The Telegraph дереккөздерге сілтеме жасап.
Ұлыбритания мен Франция қарастырып жатқан жоспардың бірі – Украинаға «Еуропа басшылығымен» әрекет ететін күштерді жіберу. Әзірге ел аумағында нақты қанша әскери қызметкер орналастырылатыны белгісіз. Еуропа елдерінің пікірінше, мұндай күштер болса, Ресейдің бейбіт келісімді бұзуына тосқауыл болады.
Басылым жазуынша, құрлықтағы әскерден бөлек, Еуропаның бірқатар елінен құралған «тілектестер коалициясы» Украинаға әуе және теңіз кеңістігіндегі қауіпсіздікті сақтау үші көмектескісі келеді. Бұл үшін қандай нақты қадамдар жасалатыны әзірге нақтыланбаған. Ал әскерді Украинадан шығару кезең-кезеңімен жүзеге асады деп жоспарланған.
AFP агенттігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 30 елдің ішінде тек 6 ел ғана бұл бастамаға келісім берген. Коалициялық күштер Украинадағы маңызды инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналыспақ.
Әскери жоспарын өзгерткен тек Ұлыбритания ғана емес. Қазір Германия да соғысқа дайындалып, қорғанысына миллиардтаған еуро бөліп жатыр. ВВС жазуынша, Германиядағы Бас штаб бастығы генерал Карстен Бройер НАТО-ға келесі төрт жыл ішінде ықтимал шабуылға дайын болу қажет деп мәлімдеген.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі