22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҰлыбритания королі III Чарльзден қатерлі ісік табылды. 5 ақпан күні Букингем сарайы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен айда III Чарльз ұлғайған простата безін түзету үшін Лондондағы ауруханаға барған. Сол жерде одан онкология анықталған.
"Қатерлі ісік формасын" анықтаған анализдер жүргізілді. Ұлы мәртебелім, бүгін жүйелі ем кестесіне көшті. Оған дәрігерлер қоғамдық міндеттерді кейінге қалдыруға кеңес берді. Бірақ Ұлы мәртебелім мемлекеттік істермен және ресми құжаттамалармен айналысуды үйреншікті режимде жалғастырады, - делінген хабарламада.
Ұлыбритания королі қауесеттердің алдын алу үшін және әлем бойынша осы ауруға шалдыққандарға қандай да бір қолдау беру мақсатында өз диагнозымен бөлісуді жөн көрген.
Чарльз III 1948 жылы дүниеге келген. 3 жасында тақ мұрагері атанды. Анасы Элизабет 2022 жылы 8 қыркүйекте қайтыс болғанна кейін Чарльз патша болды. Салтанатты таққа отыру рәсімі 2023 жылдың 6 мамырында өтті.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев