28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарӘнші Төреғали Төрәліге қатысты сот үкімі шығып, 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылатыны белгілі болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Әнші қоғамдық жұмысты атқарып жүрген сәтінен видео жариялады.
Бізге соттың үкімі бойынша 40 сағат қоғамдық жұмыс тапсырылған еді. Аллаға шүкір, түске дейін ағана саябақта болдық, қазір осындамыз. Бұл менің тәуелсіздігі бар Қазақстаным, бұл менің отаным, елім, жерім, әлбетте, әнұраны мен көк туы бар елдің өзінің заңы болады. Ол заңға бәріміз бірдей бағынуымыз керек деп ойлаймын. Міне, ұлы дала баласы өзінің ұлы даласын сыпырып жатыр, - деді әнші.
Ол мұндай жұмыстан еш намыстанбайтынын жасырмады.
Бұл ұят емес, өзіміздің ауламызды сыпырамыз, қоқыс төгіп келу деген сияқты, бұл жұмыстар айналып келгенде Пайғамбар сүннетіне келеді ғой негізі. Өз жатқан-тұрған жеріңді таза ұстау, ертеңгі ас құятын ыдысыңды бүгін жуып қою деген нәрсенің бәрі - тазалық иманнан емес пе? Аман болыңыздар! Ананың бәрін жинап тастадық, - деді Төреғали Төреәлі.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?