6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАбай облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Биыл ойшыл ақынның мерейтойымен қатар хакім мұрасын кең көлемде насихаттап, айшықты тұлғасын танытып келе жатқан қара шаңырақ – Абай музейінің 85 жылдық мерейтойы да қатар аталып өтпек.
Іс-шара аясында «Абай әлемдік ойдың алыбы» және «Абай бейнелеу өнерінде» тақырыптарындағы көрмелердің тұсауы кесілді.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлері қатысты, - делінген мәліметте.
Сондай-ақ іс-шараға жиналған көпшілік Абай атындағы музыкалы-драма театрының «Жаза-Наза» трагедиясынан үзіндіні тамашалады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі