28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҰлттық ұлан Бас қолбасшылығының базасында әскердің батальон буыны офицерлерінің арасында “Үздік әдіскер — батальон командирі", "Үздік әдіскер — штаб бастығы", "Үздік әдіскер — батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары" байқауының ақтық сыны өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Марапаттау рәсімінде Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Бауыржан Әбжанов сөз сөйледі.
Жеңімпаздарды, жүлдегерлерді және барлық қатысушыларды байқаудың қорытынды кезеңінің аяқталуымен құттықтаймын! Әрқайссыңыз керемет күш, кәсібилік пен табандылық таныттыңыздар. Бас қолбасшылық қабырғасында шешуші кезеңде бақ сынаудың өзі — үлкен жеңіс. Сіздерге қызметте табыс, жаңа жеңістер мен жетістіктер тілеймін, - деді Бауыржан Садықұлы.
Іс-шара мақсаты — офицерлердің кәсіби дағдыларын дамыту, жеке құрамды оқыту және тәрбиелеу әдістемелерін жетілдіру, сондай-ақ әскери саладағы үздік тәжірибелермен алмасу болды.
Байқау қорытындысы бойынша төмендегі әскери қызметшілер жеңімпаз атанды:
— “Үздік әдіскер — батальон командирі” полковник Рауан Усбанов, Ұлттық ұлан академиясы 1 оқу батальонының командирі (Петропавл қ.);
— “Үздік әдіскер — штаб бастығы” капитан Исатай Нұрсейітов, 5548 әскери бөлімі батальоны командирінің орынбасары (Жаңаөзен қ.);
— “Үздік әдіскер — батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары” капитан Жүрсін Қабдешұлы, 5547 әскери бөлімі батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары. (Қызылорда қ.)
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлері Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының атынан дипломдармен, кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?