20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрінісҚарағанды қаласында орналасқан ҚР ІІМ Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінде әскери ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен келген 450-ге жуық жас сарбаз қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл сәт олардың әскери өмірдегі алғашқы қадамы және Отан алдындағы қасиетті борыштарын атқарудың бастауы болды. Әскери ант — әр жауынгер үшін үлкен жауапкершілік пен адалдықтың символы. Салтанатты шарада сарбаздар Қазақстан Республикасы мен оның халқына жанқиярлықпен қызмет етуге дайын екендіктерін ресми түрде мәлімдеді.
Айтулы рәсімге сарбаздардың ата-аналары, туыстары мен жақын достары шақырылды.
Әскери бөлімнің командирі полковник Мақсат Қырғызбаев пен шақырылған қонақтар әскердегі қызмет — құрметті және маңызды міндет екенін атап өтіп, сарбаздарға жылы лебіздерін білдірді.
Әскери ант қабылдау сәті әр сарбаздың жүрегінде мәңгі қалады. Отан қорғаушы болу – батылдықты, табандылық пен адалдықты талап ететін асыл миссия, – деді полковник Мақсат Қырғызбаев.
Айта кету керек, қатарға жаңадан қосылған жас Отан қорғаушылар енді түзеу мекемелеріндегі қауіпсіздікті күшейтуге қатысатын болады.
Іс-шара соңында бөлім командирі ата-аналарымен жүздесіп, сұрақтарына жауап берді. Ант қабылдаған сарбаздар жақындарымен уақыт өткізуге босатылды.
20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?