Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҰлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде ІІМ әскери-тергеу департаментінің бастамасымен Спорт күні мен Конституцияның 30 жылдығына орай әскерилендірілген спартакиада ұйымдастырылды, өтті деп хабарлайды El.kz интернет орталы.
Жарысқа ІІМ-нің төрт департаментінен және Ұлттық ұланның әскери полиция басқармасынан құралған командалар қатысты.
Спорттық шараның ашылу рәсімінде Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Санжар Әділов сөз сөйлеп, мұндай сайыстардың жауынгерлік рухты көтеруге, дене даярлығын арттыруға және жеке құрам арасында командалық бірлікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің ақпаратынша, спартакиаданың бағдарламасы түрлі қызықты сайыстардан тұрды. Қатысушылар жеке және командалық жарыстарда күш-қуатын, ептілігін және тактикалық ойлау қабілетін көрсетті. Мини-футбол, Макаров тапаншасынан ату, шахмат және үстел теннисі бойынша жеңімпаздар анықталды.
Ұлттық ойындар – асық ату мен арқан тарту Жарыс көркін қыздыра түсті.
Спартаикада қорытындысы бойынша 1-орынды ІІМ-нің жедел-криминалистикалық департаменті иеленсе, 2-орын ІІМ-нің тергеу департаментіне, ал 3-орын Ұлттық ұланның әскери полиция басқармасына бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, кубоктармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары