Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін көпұлтты еліміз бейбітшілік пен ұлтаралық толеранттылық мерекесі — Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының елордалық полкінде түрлі ұлт өкілдері қызмет етеді. Мереке қарсаңында олар қарулас достарына өздерінің мәдениеті мен дәстүрінің элементтерін тарту етті.
Құқықтық тәртіп әскерінде жыл сайын татулық күніне орай "Бір шаңырақ астында", "Бірлік сабақтары", "Қазақстан — ортақ үйіміз" атты дәстүрлі акциялар өткізіледі. Бұл іс-шаралар еліміздің бай мәдени мұрасын көрсете отырып, әскери қызметшілер арасындағы ұлтаралық келісімді, патриотизм мен достықты нығайтуға ықпал етеді, - дейді 6636 әскери бөлімі командирінің орынбасары Нұрлан Башенов.
Айта кетейік, бүгінде Ұлттық ұлан қатарында отыздан астам ұлт өкілдері қызмет етуде. Олардың ішіндегі саны жағынан ең көбі — орыс, өзбек және татар ұлтының өкілдері. Сондай-ақ, ұландық сарбаздар сапында эстондықтар, гректер мен камчадалдар да бар.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?