Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлатау қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімінде отандық броньды машинаны басқару және пайдалану бойынша оқу курсы өтуде. Оған Алматы, Түркістан және Қостанай қалаларындағы әскери бөлімдерден, сондай-ақ Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясынан келген механик-жүргізушілер мен көздеуші-операторлар қатысуда.
Полигонда механик-жүргізушілер броньды машинаны күрделі жер бедері мен жолсыз жерлерде басқару дағдыларын жетілдіруде. Практикалық сабақтарда маневр жасау, қозғалыс бағытын таңдау және кедір-бұдырлы жолдардан өту тәсілдерін пысықтайды.
Ал көздеуші-операторлар машинаның құрылымы, орнатылған жабдықтар мен борттық жүйелерді пайдалану ерекшеліктерін үйренуде.
«Барыс 6х6» – күрделі жер бедерінде жоғары өтімділігімен ерекшеленетін отандық броньды машина. Ол 11 адамға дейін тасымалдауға арналған және −50-ден +50 °C-қа дейінгі температурада пайдалануға бейімделген.
Оқу курсы аяқталған соң әскери қызметшілерге арнайы сертификаттар табысталады. Қараша айының басында осындай оқу жиынын «Батыс» өңірлік қолбасшылығында да өткізу жоспарланып отыр.
Даярлықтың мақсаты – ұландықтардың кәсіби дағдыларын жетілдіріп, қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға әзірлігін арттыру.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек