22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАбай күні қарсаңында Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбаздар рухани мұраны ұлықтауды ұмыт қалдырған жоқ, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мегаполистің тыныштығын күзетіп жүрген қатардағы жауынгерлердің арасында Абай шығармашылығына жастайынан құмар болып өскен жігіттер бар. Солардың бірі – қатардағы Бақытжан Артықбай.
Бала күнінен әдебиетке әуес болған Бақытжан бастауыш сыныптан бастап Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жаттап өскен. Кейін республикалық Абай оқуларына қатысып, бас жүлдені қанжығалаған. Бүгінде ол Абайдың 50-ден астам өлеңін жатқа біледі.
Абайдың сөзі – адамгершілік пен парасаттың мектебі. Қатарыммен сап түзеп, ел тыныштығын күзетіп жүргеніммен, бос уақытымда Абай өлеңдерін қайталап, ішкі жан-дүниемді тәрбиелеуге тырысамын. Оның әр жолынан рухани тереңдік, тәрбие мен тағылым сезіледі, – дейді ұландық.
Ұлттық ұлан сапында Абай мұрасын қадір тұтатын тағы бір сарбаз – қатардағы Жұлдызбек Ромашев. Ол да Абай оқуларының республикалық деңгейдегі жүлдегері. Анасы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғандықтан, бала кезінен Абайдың өлеңдеріне қанық болып өскен.
Бүгінде қос сарбаз тек әскери міндетпен шектелмей, руханиятқа да үлес қосып жүр. Абайдың асыл сөзін құрбы-құрдастары арасында дәріптеп, өлеңдерін жатқа айтып, елге ой салуда.
Айта кетейік, биыл ұлы ақынның туғанына 180 жыл толады. Осы орайда Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде дәстүрлі Абай апталығы мен поэзия кештері ұйымдастырылады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев