28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕлордада патрульдік қызмет атқарған Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери жасақтары қырағылық танытып, адасып қалған бес баланы тауып, ата-анасына аман-есен жеткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сарыарқа ауданындағы патруль барысында қатардағы Дамир Сәрсенов пен патрульшілер қатардағы Нұрлан Медемин және қатардағы Ерасыл Пернебекұлы бастаған әскери жасақ үш жасар баланың жалғыз жүргенін байқап, дереу әрекет еткен. Жауынгерлер бүлдіршіннің ата-анасын іздеп тауып, әкесіне табыстады.
Осыған ұқсас келесі жағдай Есіл ауданында болды. Қызметте жүрген қатардағы Қайрат Мұратбек пен Арман Амангелді баласын жоғалтқан әкенің хабарын ести сала іздестіруді бастады. Полиция қызметкерлерімен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде бала тез табылып, әкесіне тапсырылды.
Дәл сол күні Сарыарқа ауданында тағы үш бала адасып қалғаны белгілі болды. Патрульдік топ бастығы кіші сержант Аллаберген Авкей жалғыз жүрген 11 жасар баланы байқап, анасын тауып берді. Кейін кезекті патрульдік бағытында да жоғалған қыз табылды. Оны қатардағы Әлібек Әуесхан мен Игорь Нелюбов полициямен бірге анасына қайтарды. Түнге қарай кіші сержант Аллаберген Авкей тағы бір 8 жасар қызды ата-анасына аман жеткізгені мәлім болды.
Осылайша ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздарының қырағылығының арқасында бес бала аман-есен ата-анасына табысталды. Бұл жайттар ұландықтардың басты назарында тек қоғамдық тәртіп емес, балалардың қауіпсіздігі де тұратынын көрсетті.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?