28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінің жауынгерлері Көкшетау қаласында кісі өліміне себепші болған күдіктіні жедел түрде қолға түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауыр қылмыс туралы хабар жедел басқару орталығына сағат 20:00 шамасында түскен. Марқұмның денесін тауып алған жергілікті тұрғын бірден полицияға хабарлаған. Күдіктіге қатысты бағдар дереу полиция жасақтары мен әскери қызметшілерге таратылды.
Шұғыл ақпарат түскен бойда іздеу шараларын бастап кеттік. Арада 20 минуттай уақыт өткенде Әуезов көшесінен мас күйде жүрген үш адамды байқадық. Тінту барысында олардың біреуінің қалтасынан қылмыс туралы арыз берген азаматтың жеке куәлігі табылды, – дейді әскери жасақ бастығы аға сержант Жанғазы Шайхин.
Күдіктілердің бірі қашып кетпек болғанымен, ұландықтар оны жылдам ұстап үлгерген. Тінту кезінде ер адамдар агрессивті әрекет етіп, бұйрықтарды орындаудан бас тартқан. Үш күдікті де Көкшетау қалалық полиция басқармасына жеткізілді.
Тексеру барысында күдіктілердің бірі кісі өлтіргенін мойындады. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?