Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Ұлттық ұланның Құрмет қарауылы ротасы салтанатты акция ұйымдастырды. Ұландықтар Ата заңға және оның мемлекет болашағындағы маңызын айшықтау мақсатында «30» санын бейнелеп сап түзеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ұлттық ұланның ресми өкілі Әлібек Әбділовтың айтуынша, Конституция – Қазақстан тәуелсіздігі мен дамуының берік тұғыры:
Әрбір әскери қызметші үшін Конституцияға адалдық – парыз ғана емес, үлкен абырой. Ұландықтар мерейтой құрметіне осындай көрініс ұйымдастырып, құқықтық тәртіпті, азаматтардың конституциялық құқықтарын және ел қауіпсіздігін қорғауға әрдайым дайын екенін көрсетті, – деді ол.
Бұл бастаманы құқықтық тәртіп әскерінің өзге әскери бөлімдері де қолдады. Мәселен, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5546 әскери бөлімінің жауынгерлері де «30» санын бейнелеп сап түзеп, Ата заңға құрметін білдірді.
Құрмет қарауылы ротасы – мемлекеттік салтанатты рәсімдер мен маңызды іс-шараларға дәстүрлі түрде қатысатын, тәртіп пен патриотизмнің айқын дәлелі. Бұл мерейлі күні әскери қызметшілер саптық шеберлікті ғана емес, мемлекеттік рәміздер мен құндылықтарға деген құрметтің биік үлгісін паш етті.
Бұған дейін де ұландықтар Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80» санын бейнелеп сап түзеп, ерекше құрмет көрсеткен болатын.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы барша қазақстандықтарды Конституцияның 30 жылдығымен шын жүректен құттықтап, әр шаңыраққа бейбітшілік, тұрақтылық пен береке тілейді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?