Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің ефрейторы Достық Жақсылық елордадағы көпір үстінде болған оқыс оқиғаның алдын алып, бір азаматтың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға 21 маусымға қараған түні сағат 00:30 шамасында Көктал көшесінің бойындағы «Сарқырама» көпірінде болған. Жедел қызметтерге 1996 жылы туған ер адамның көпір қоршауынан асып тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, ол ауыр күйзеліс жағдайында болған.
Қызметтен кейін үйіне қайтып бара жатқан ефрейтор Д. Жақсылықтың батыл әрі жедел әрекетінің нәтижесінде полицейлер келгенге дейін жағдайдың ушығуына жол берілмеді. Адам өміріне қауіп төніп тұрғанын байқаған әскери қызметші ойланбастан ер адаммен диалог орнатып, назарын басқа жаққа аударуға тырысқан.
Басында таза ауаға шыққан біреу шығар деп ойладым, – дейді ефрейтор. – Бірақ жақындай бергенімде, оның жағдайы қалыпты еместігін түсіндім. Қоршаудан асып, бір қолымен ғана ұстап тұр екен. Мұндай сәтте ойланып тұруға уақыт жоқ – әрекет ету керек, - дейді ол.
Сабыр мен байыптылық танытқан жауынгер ер адаммен сөйлесіп, оны тыныштандыруға тырысқан. Осы сәтте жанынан өтіп бара жатқан тағы бір азаматпен бірлесіп, ер адамды қоршаудың бергі жағына тартып шығарған. Осылайша қауіпті жағдайдың алдын алды.
Құтқарылған азаматқа шұғыл түрде медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Қазір ол мамандардың бақылауында.
Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд