Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстана – Степногорск автожолында Hyundai Creta және Chevrolet Niva көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы сәтте Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 3517 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Ақкөл ауылынан Степногорск қаласына бара жатқан еді. Оқиғаны байқаған қатардағы Бауыржан Ахметов бірден зақымдалған көліктерге жақындап, жарақат алған жүргізушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Мен тек өзімнің міндетімді орындадым. Қиын сәттерде әскери қызметшілер әрдайым адамдарға қол ұшын созуы керек, — деді аға санитарлық нұсқаушы Бауыржан Ахметов.
Әскери қызметшінің жедел әрекетінің арқасында зардап шеккендердің жағдайы медицина қызметкерлері келгенге дейін тұрақталды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері ұландықтың кәсібилігін жоғары бағалап, оның әрекеттерінің дұрыс болғанын атап өтті.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар