22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстан ұлттық статистика жүйесін цифрлық форматқа көшіру бағытындағы жұмыстарды жеделдетіп жатыр. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде өткен кеңесте айтылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Агенттік төрағасы Әсет Ерғалиевтің айтуынша, реформаның басты мақсаты — заманауи, сенімді деректер инфрақұрылымын қалыптастырып, мемлекеттік басқарудың тиімді әрі ашық моделін дамыту.
Қазірдің өзінде Ұлттық статистика бюросы баламалы дереккөздерді пайдалану арқылы деректерді жинау мен өңдеудің жаңа әдістеріне көшкен. Мысалы, инфляцияны бағалау фискалдық чектер арқылы, еңбек нарығы зейнетақы жарналары бойынша, ал тұтынушылық белсенділік банк транзакциялары мен мобильді деректер арқылы сарапталуда.
Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаевтың айтуынша, осы тәсілдердің арқасында статистикалық нысандар саны 24%-ға қысқарып, электронды деректер жинау үлесі 94%-ға жеткен.
2024 жылы енгізілген заңнамалық өзгерістердің нәтижесінде Бюро деректер сапасын бақылауға нақты құзырет алды. Жыл басынан бері 10 мемлекеттік органның деректеріне 79 сапалық талдау жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап ауыл шаруашылығы санағы басталмақ. Бұл – саланың нақты көрінісін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Алдағы үш жылда статистика жүйесіне жасанды интеллект, геоақпараттық шешімдер және үлкен деректер архитектурасы енгізіледі. Сонымен қатар, деректер биржасы іске қосылады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев