22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҰлытау облысында профилактикалық бақылау барысында бюро мамандары мал басы бойынша ұсынылатын әкімшілік деректердің нақты көрсеткіштермен сәйкессіздігін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үй шаруашылықтарын аралау кезінде бюро қызметкерлері көрсеткіштерді асыра көрсету/төмендету фактілерін тіркеді.
Бүгінгі таңда мал басының деректері шаруашылық есептерінің әкімшілік деректері және
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесі негізінде қалыптастырылады.
Профилактикалық бақылау аясында Қарсақпай және Кеңгір елдімекендеріндегі 25 шаруашылықты араладық. Алдын алу іс-шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнама бұзушылықтары анықталды. Мысалы, Қарсақпай ауылында ірі қара мал басының саны шаруашылық есеп пен нақты деректерді салыстырғанда 35%, Кеңгір ауылында жылқы саны бойынша 22% сәйкеспейді, – деді бюроның деректер базасының сапасын бақылау бөлімінің басшысы Никита Бурмистров.
Ол профилактикалық бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әкімдерге нақты деректер мен шаруашылық есепте ұсынылған әкімшілік деректер арасындағы сәйкессіздіктерден туындаған бұзушылықтарды жою жөнінде ұйғарым шығарылғанын атап өтті.
Бюро мамандары Ұлытау өңіріне сапары барысында жергілікті атқарушы органдармен арнайы семинар өткізіп, онда әкімшілік деректерді жинау мәселелерін талқылап, мемлекеттік статистика саласындағы заңнаманы түсіндірді және «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» тақырыбындағы интерактивті бақылау тақтасының мүмкіндіктерін көрсетті.
Айта кетейік, мұндай профилактикалық іс-шаралар Түркістан, Маңғыстау, Ақмола және Қарағанды облыстарында және Ұлытау облысының тағы алты ауылдық округінде жүргізілетін болады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев