18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Қазақстанда ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық артып келеді: 660 мыңнан астам адам жүйелі түрде айналысады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
2024 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 660 мыңнан асты. Бұл — елімізде дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың жалпы санының 9,6%-ын құрайды (2023 жылы — 619,2 мың адам немесе 8,7%). Жаттықтырушылар құрамы 1781 маманды қамтиды, оның ішінде 1004-і ауылдық жерлерде жұмыс істейді.
2018–2024 жылдар аралығындағы динамика:
• 2018 — 375 926 адам
• 2019 — 399 357 адам
• 2022 — 432 457 адам
• 2023 — 619 200 адам
• 2024 — 660 000-нан астам адам
Ең танымал спорт түрлері:
• қазақша күрес,
• тоғызқұмалақ,
• асық ату,
• көкпар,
• бәйге,
• теңге ілу,
• жамбы ату,
• аударыспақ,
• құсбегілік,
• дәстүрлі садақ ату,
• жекпе-жек және басқа да түрлер.
Ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында өңірлерде 15 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен 17 мамандандырылған клуб жұмыс істейді. Қазақстанда жыл сайын ұлттық спорт түрлері бойынша 1000-нан астам жарыс өтеді.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр