2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚараша айында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ БҚФ қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Профилактикалық бақылау барысында "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" ҚР Заңын 3 бірлік өлшем құралдарын салыстырып тексерусіз пайдаланған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің «Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшеу құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанынын бекіту туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №934 бұйрығымен бекітілген талаптарды бұза отырып, салыстырып тексеру туралы 2 сертификат берілген", - делінген хабарламада.
Бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша 3 дана өлшем құралдарын салыстырып тексеруден өткізу, сондай-ақ салыстырып тексеру туралы 2 сертификатты кері қайтарып алуға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Сондай-ақ "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы", "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы", "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының аккредиттеу саласындағы сәйкестікті бағалау туралы заңнамасын, сәйкестікті растау және (немесе) бағалау рәсімдерін, техникалық регламенттерде, нормативтік құқықтық актілерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген өлшеу құралдарын тексеру кезінде талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы түсіндірілді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова