1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҰлттық құрылтайдың екінші отырысы бірінші отырыстан өзгеше. Бірінші кезекте Ұлытауда қандай да бір «старт» беріліп, болашақ жұмыстың контуры айқындалғандықтан, Түркістанда толыққанды жұмыс отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан "Мәдениет. Өнер. Руханият" секциясында зиялы қауымның кескін-келбеті, тарихи жауапкершілігі, азаматтық ұстанымы туралы баяндама жасады.
Құрылтай мүшесі Дәулет Тұрлыханов бүгінгі жастар проблемасына, әсіресе есірткі мен синтетикалық зиянкестерге елітіп жүрген замандастарымыз туралы қатты айтуда. Светқали Нұржанов, Асқар Жұмаділдаев, Дихан Қамзабекұлы, Сәуле Досжанова, Айдос Сарым сынды әріптестерім өз бағыттары бойынша өткір ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды, - деп жазды Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Facebook парақшасында.
Жұмыс секциясы барысында Ұлттық құрылтай мүшелері қазіргі авторлардың әдеби шығармаларындағы ұлттық құндылықтарды ілгерілету және отандық әдебиет пен киноны дамыту мәселелерін қозғады.
Сонымен қатар, мұражайлар, мәдени орталықтар, кітапханалар, әсіресе ауылдық жерлерде жұмыс істеу, жас таланттарды ілгерілету және креативті индустрияны дамытуды қолдау тақырыптары көтерілді.
Сондай-ақ, жас ұрпақты тәрбиелеу және білімге ұмтылу, салауатты өмір салты, еңбекқорлық, патриотизм құндылықтарын қалыптастыру тақырыбына ерекше назар аударылды.
Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамда бұқаралық спорт мәдениетін ілгерілетуге қатысты ұсыныстарымен бөлісті.
Талқылау қорытындысы бойынша Ұлттық Құрылтай мүшелерінің мемлекеттік органдармен бірлесіп ұсыныстарын іске асыру жөніндегі арнайы іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысты шешім қабылданды.
Айта кетейік, Құрылтайды өткізу форматы – екі жұмыс күні, пленарлық отырыс және үш секция отырысы - мұның бәрі формальды тәсілдердің жоқтығын көрсетеді.
Құрылтайдың жұмысын ұйымдастырудың басты мақсаты – қоғамдық шоғырландыруды нығайту және кеңейту бойынша жаңа идеялар мен қадамдарды іздеуге және әзірлеуге бағытталғанын көруге болады.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?