Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАтырауда 15 наурыз күні Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтеді. Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен құрылтай Ұлытау мен Түркістан облыстарында өткен еді. Жыл сайын Ұлттық құрылтайдың мүшелері жаңарып, толықтырылып отырады. Биылғы Ұлттық құрылтайдың Мәдени-рухани секциясында сөз сөйлейтіндердің қатарында мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин де бар. Депутат биылғы құрылтайдың ерекшелігі жөнінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау – Алтын орданың астанасы болған Сарайшық қаласы орналасқан тарихи өңір. Осы жағынан символдық мәні бар. Құрылтайда елге ортақ үлкен мәселелер көтеріледі. Өздеріңіз білетіндей, алдыңғы құрылтайларда дінге, вейптерге, лудоманияға, зорлық-зомбылыққа және өзге де өзекті тақырыптар қозғалып, заң жобасы дайындалып, Сенаттың қарауына берілді. Биыл да елді көп толғандырып жүрген тақырыптар мен рухани, экономикалық, әлеуметтік мәселелер талқыланады, - дейді мәжілісмен.
Атыраудағы Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысы бүгін басталды. Құрылтай отырысы екі күнге созылады. Ертенгі отырысқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қатысады.
Шараның бірінші күнінде азаматтық қоғам, мәдениет, өнер, руханият, білім және ғылым мен әлеуметтік-экономика және аймақтық даму тақырыптары көтеріліп жатыр.
Ұлттық құрылтайдың мәдени-рухани секциясында жұмыс істеймін. Ол жерде қазақтың салт-дәстүріне, руханиятына қатысты мәселелер талқыланатын болады, - дейді Еділ Жаңбыршин.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?