Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістанда Ұлттық құрылтайдың алдағы отырысы аясында «Білім және ғылым»жұмыс секциясының отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сессия аясында белгілі қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, ғалымдар мен сарапшылар: Ғарифолла Есім, Мұрат Әбенов, Асқар Жұмаділдаев, Гүлмира Илеуова, Ерлан Саиров, Марат Башимов, Андрей Чеботарев, Амангелді Толамисов, Мақсат Жабағин, Кәрімбек Құрманалиев, Нұрлан Дулатбеков және басқалар сөз сөйледі.
Секцияда цифрлық және жаңа технологиялық шындық, ұрпақтар сабақтастығын сақтау аясында қалыптасып келе жатқан жас ұрпақтың ерекшеліктері талқыланды. Жоғары білім берудегі реформаларды жетілдіру, оның ішінде жоғары оқу орындарын басқарудың заманауи тетіктерін енгізу және оқытушылардың мәртебесін арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Сарапшылар әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарды дамыту және елдің жалпы идеологиялық негізін қалыптастыру мәселелеріне жеке тоқталды.
Сонымен қатар, секция жұмысы аясында орта білім беру, әсіресе ауылдық жерлерде мектеп инфрақұрылымын жақсарту мәселелері көтерілді.
Талқылау қорытындысы бойынша Ұлттық Құрылтай мүшелерінің мемлекеттік органдармен бірлесіп ұсыныстарын іске асыру жөніндегі арнайы іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысты шешім қабылданды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?