13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЖақында Астана қаласында шорт-тректен ел чемпионаты өтті. Осы додада 2026/27 жылғы маусымға арналған ұлттық құрама сапына іріктеу жүріп, алдағы Әлем кубогы кезеңдері мен әлем чемпионатына баратын спортшылар анықталады. Әдеттегідей, жарысты пайдаланып, шорт-тректегі мәселелермен танысып, спортшылармен сұхбаттасып қайттық.
Қызыққа толы чемпионат
Елімізде шорт-тректен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты жылына екі рет өтеді. Наурыз айында штаттық құрам, ұлттық құрама қалыптасады. Ал күздегі жарыс әлем кубогы кезеңі, әлем чемпионатына іріктеу жарысы болып есептеледі. Осы додадан халықаралық аренада ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімі түзіледі.
Биыл біріншілікте қыздар арасында 500 метр қашықтықта Малика Ермек топ жарды. Талантты ару біраз жылдан бері ұлттық құрама сапында жүр. Оның ерекшелігі – қай қашықтықта болмасын өзін еркін сезінетіні. Әлемде мұндай спортшылар санаулы. Соның дәлеліндей Малика өткен ел чемпионатында барлық қашықтықта жүгірді.
Мені шорт-трекке әкем алып келген. 2011 жылы елімізде қысқы Азия ойындары өтті. Сонда мәнерлер сырғанауға қызығып, аренадан тамашалағым келді. Әкем болса мені шорт-трекке апарып, бірге отырып Абзал Әжіғалиевтің өнеріне тамашаладық. Әкеме Абзалдық ойыны қатты ұнады. Содан бері шорт-трекпен айналысамын, – дейді Малика Ермек.
Айтса-айтқандай, Малика бастаған Астана құрамасының қыздары 3000 метр қашықтықтағы әйелдер эстафетасында топ жарды.
Күн сайын жетілгім келеді. Олимпиада ойындарына қатыссам деймін. Құрамадағы ең жоғары жетістігім, Харбиндегі Азия ойындарының күміс жүлдесі, – дейді спортшы.
Иә, Маликадан бөлек, 1000 метр қашықтықта Алина Әжіғалиева жеңіске жетті. Ерлер арасында 500 метрде – Богдан Вехов, 1000 метрде Әділ Ғалиахметов жеңімпаз атанды.
Бірнеше өңірде бәсеке бар
Мемлекеттік жаттықтырушы Азамат Әлиевтің айтуынша, шорт-трек еліміз бойынша 12 өңірде дамып келеді. Бас-аяғы 1400 спортшы шорт-трекпен кәсіби түрде айналысады. Өңірлердің қатары жыл санап көбейіп жатыр. Жақында Павлодар облысында осы спорт түрі ашылып, жеткіншектер топқа тіркеліп, спортшылар дайындықтарын бастаған. Ал негізінен бірнеше өңірде қызу бәсеке бар.
Атап айтқанда, бәсекеге түсіп жатқан өңірлер Батыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Астана қаласы, Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысы. Әсіресе, Солтүстік Қазақстанда шорт-трек бөлімінің ашылғанына 7-8 жыл уақыт болды. Сондықтан осы уақыт ішінде ұлттық құрамаға ойыншы дайындап шығару – бұл өте жақсы жетістік, – дейді Азамат Әлиев.
Қай өңірді алсаңыз да, уақыттың жетіспеушілігі бар. Тіпті кейбір өңірде басқа спорттың көлеңкесінде қалып кетеміз. Басқа спорт түріне көңіл бөлінеді, уарнайы уақыты бар. Содан қалған уақытты бізге бөліп береді. Инфрақұрылым мәселесін алға тартқан жөн. Кей өңірде бар мүмкіндікті пайдаланбай жатады. Мысалы, арнайы қорғаныс тақтасын береміз, тегін таратсақ та, кейбір өңірлер соны пайдалана алмай жатады, – деп қынжылды Азамат Әлиев.
Инфрақұрылым мәселесі алаңдатады
Ал шорт-тректі дамытуды жолға қойып, инфрақұрылымды күшейтіп, балаларды тартып жатқан қалалар нәтиже көрсетіп жатыр. Мемлекеттік жаттықтырушының айтуынша, егер осылай көңіл бөлінсе, ұлттық құрама сапын толықтыратын өрендерді дайындау жеңілдейді.
Инфрақұрылымның қандай мәселе екенініне мысал – Астана қаласының құрамасы. 2011 -2012 жылдары «Алау» шорт-трек бөлімі ашылды. Қазір ұлттық құрамасының тең жартысы – Астананың спортшылары. Осы бәсекеден де Астана жүлдесіз қайтқан жоқ. Бұл – бірден бір көрсеткіш. Инфрақұрылым салып, қолданысқа берілді. Спорт мектебіне беретін мұз уақыты да жеткілікті. Жаттығу жұмысы бар. Бір инфрақұрылым арқылы жүйе толыққанды іске қосылды. Балалар спорты да, жасөспірімдер мен ересектерде де жұмыс нәтиже беріп жатыр, – дейді Азамат Әлиев.
Бізге маманның балалар спортын дамыту туралы көзқарасы ұнады. Оның айтуынша, спорт мектебінде оқу тегін. Арнайы конкурс жүреді. Бірақ кейде сыныпта бала саны жетіспейді.
Байқасаңыз, қазір Астанада халықтың шорт-трекке деген көзқарасы өзгерді. Мысалы, ата-аналар салауатты өмір салты, кәсіби спортпен шұғылдану не екенін түсінді. Балаға көңіл бөліп, қазірден бастап жақсы фундамент құюға тырысады. Күнделікті жаттығуға апарып-алып келеді. Ал өңірлердегі спорт мектептерін алып қарасақ, сонда да спорт түріммен айналысу тегін. Қазақтың «қолда бар алтынның қадірін білмепті» дегені шын. Тегін болғанның өзінде кейде бала саны толмай жатады. Кейде кәсіби құрал-жабдық жетпей жатады, – дейді мемлекеттік жаттықтырушы.
Айта кетерлігі, маман жазғы Олимпиадалық спорт түріне қарағанда қысқы спорт түрлері қалтаға салмақ салатынын жасырмады. Ата-аналар да қаржы мәселесіне келгенде қиналатынын атап өтті.
Иә, қысқы қысқы спорт түрлері қымбатырақ. Бір сапалы коньки сатып алу үшін әжептәуір ақша жұмсауыңыз мүмкін. Соның өзінде шорт-трек қолжетімді. Екіншіден, тегін, мемлекет қолдап жатқан спорт түрі. Қазір жүйелі түрде 1400-ге жуық адам шорт-трекпен айналысады. Бұл жерде кішкентай спортшыдан бастап, қалыптасқан спортшыға дейін барлық жасты қамтиды, – дейді Азамат Әлиев.
Төрт спортшы ұлттық құрамадан кетті
Мемлекеттік жаттықтырушының айтуынша, құрама жаңарып, жасарып жатыр. Әлем кубогынде ел намысын қорғайтын спортшылар тізімі жақында жарияланады.
Абзал Әжіғалиев карьерасын аяқтады. Одан кейін ұлттық құрамадан үш спортшы кетті. Тәжірибелі спортшылар Ольга Тихонова, Хан Яна өзіндік себептерге байланысты құрамадан кетті. Ерсайын Жақсыбаев та мансабын аяқтағаны туралы айтты. Қазір әлем бойынша спорттың жастану тенденциясы жүріп жатыр. Бізде де сондай, қазір негізгі құрамда бұрынғы құрамнан санаулы спортшы қалды. Негізінен, құрама 70 пайыз жаңарды, – дейді мемлекеттік жаттықтырушы Азамат Әлиев.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды