23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев нысаналы трансферттен бюджетке 2 триллион теңге сомасында қаржы тартылғанын айтты. Тілшілер баспасөз мәслихатында министрден «қаражат Ұлттық қордан алынды ма және қаржы не үшін қажет болды?» деп сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған сауалға қаржы министрі Мәди Тәкиев қаражаттың қосымша Ұлттық қордан алынғанын растады.
Бүгінгі таңда бюджеттің тапшылығы бар. Сондықтан біз өзіміз Ұлттық қордан алуға мәжбүр болдық. Ол ақша бірінші кезекте өңірлерге трансферт ретінде кетеді және әлеуметтік жобаларға жұмсалатын ақша, – деді қаржы министрі Мәди Тәкиев.
Айта кетейік, Үкімет отырысында Мәди Тәкиев республикалық бюджетке трансферттер түсімдері 4,5 триллион теңгені, оның ішінде Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі 2 триллион теңге құрағанын, нысаналы трансферттен 2 триллион теңге сомасында тартылғанын айтты.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік