Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстанда балалардың өсіп, дамуына жан-жақты жағдай жасау - мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл үшін түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2024 жылы "Ұлттық қор-балаларға" жобасын іске асыру қолған алынған еді. Оның аясында әр балаға жыл сайын Ұлттық қордан қаражат бөлінеді.
2024 жылы бұл төлемдердің көлемі бір балаға шаққанда 129,38 долларға артты. Ал тұтастай бағдарлама бойынша жалпы қаражат 888 млн долларға жетті. Бұл көрсеткіш мемлекеттің әлеуметтік саясатқа ерекше көңіл бөлетінін көрсетіп отыр.
Жобаның шарттарына сәйкес жинақталған қаражатты 18 жасқа толғаннан кейін ғана тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім беру ақысын төлеу үшін пайдалануға болады.
Мұндай амалдар отбасыларға тікелей қолдау көрсетіп қана қоймай, болашақ ұрпақтың әл-ауқатына негіз құра отырып, елдің ұзақмерзімді дамуына ықпал етеді.
Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі