Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАбай университетінде жатақханаларды жаңа оқу жылына дайындау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай атындағы ҚазҰПУ 2024-2025 жаңа оқу жылына жатақханаларға студенттерді қабылдауға белсенді дайындалуда. Жатақханаға өтінім беру 10-25 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Университет ректоры Болат Тілеп жоғары оқу орнының 1206 орынды қамтитын төрт жатақханасын аралап, студенттерді қабылдауға дайындық барысымен танысты. Бүгінде жатақханаларда студенттердің өмір сүруіне қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау үшін косметикалық жөндеу және дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.
Жатақханалардан орын бөлу кезінде әлеуметтік аспектілерге ерекше назар аударылады. Ең алдымен, бірінші курс студенттеріне және халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан студенттерге басымдық беріледі. Жатақханаға орналасуға өтініш беру процесі қолжетімдік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін автоматтандырылған. Бұл шаралар барлық студенттерге тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?