Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжіліс депутаты Аманжол Әлтай әуе компаниялары домбыраны бортқа алып кіру мәселесін қашан шешетінін сұрап, Көлік министрлігіне сауал қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өздеріңізге мәлім, әуе компаниялары бортқа қазақтың қасиетті қара домбырасын кіргізбейді. Бұл біздің ұлттық намысымызды қорлау деп түсінеміз. Қазақтың қасиетті домбырасы қатардағы жүк емес, біздің ұлттық құндылығымыз. Бүгінгі таңда қасиетті домбыраға қалай болса солай қарау біздің намысымызға тиеді. Сондықтан әбден тайраңдап кеткен әуе компанияларын қашан тәртіпке шақырасыздар?, - деді мәжілісмен.
Депутаттың бұл сауалына Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев жауап берді.
Кейбір аспаптарды қазіргі әуе кемелерінің сөресіне орналастыруға мүмкіндік жоқ. Соған байланысты осындай сұрақтар туындап жатыр. Бүгінгі таңда әуе компанияларымен бірлесіп, осы шаруаны шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Керек болған жағдайда жол жүгін, қол жүгін тасымалдау шарттарына өзгерістер енгізуге дайындалып жатырмыз. Барынша осы мәселені әуе кемелерінің мүмкіндіктеріне байланысты шешуге тырысып жатырмыз, - деді Аблалиев.
Айта кетейік, бұған дейін ұшаққа домбыра алып кіру үшін ақша төлеу керектігі айтылған еді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?