Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық музейде өтіп жатқан Ерболат Төлепбайдың мерейтойлық көрмесін тамашалады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Көрме Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретші Ерболат Төлепбайдың 70 жылдық мерейтойы мен 50 жылдық шығармашылығына арналды.
«Өнерім – ізгілік мекені» атты көрмеде суретшінің шығармашылық жолы мен оның түрлі кезеңдерін қамтитын, рухани және мәдени ізденістерін бейнелейтін туындылар қойылған.
Ерболат Төлепбай әлемнің әр елінде 38 жеке көрме өткізіп, халықаралық мәдени ортада зор беделге ие. 2024 жылы оның еңбектері қазіргі заманғы ең ірі көрме – Венеция биенналесіндегі Қазақстан павильонында ұсынылды.
Суретшінің танымал туындыларының қатарында «Мәңгілік ел» триптихы («Тандыр», «Анархай», «Жас дала»), сондай-ақ Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тарихи триптих бар.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік