22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Ұлттық домбыра күніне және әйгілі композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Күмбірле, қоңыр домбыра!» атты рухани кеш өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараның басты мақсаты- киелі домбыраны жас ұрпақтың санасына сіңіру, күй өнерінің асқақ мұрасын кеңінен дәріптеу, сонымен қатар Нұрғиса Тілендиевтің өмір жолы мен шығармашылығы арқылы көркем мәдениет пен рухани тәрбиені насихаттау.
Мерекелік кеш аясында көрерменге ұлттық өнердің шынайы шеберлері әсем күйлер мен дәстүрлі әуендерден шашу шашты.
Іс-шара барысында өнер иелері Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен өнер жолына қатысты жылы естеліктерін бөлісті. Олар үшін домбыра – тек аспап емес, ұлттың үні, баба аманаты екенін атап өтті.
Сонымен қатар кеште «Дәстүр» фольклорлық тобының өнерпаздары, №1 балалар музыка мектебінің оқушылары, «Күмбір» домбыра үйрету орталығының шәкірттері мен жас дарындар қатысып, өз өнерін паш етті. Олар орындаған күйлер мен халық әндері көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Айта кетейік, 2018 жылдан бері шілде айының алғашқы жексенбісі елімізде Ұлттық домбыра күні ретінде ресми бекітілген. Бұл күн санаулы жылдар ішінде ұлт жүрегінен орын алып, елдік пен руханияттың символына айналды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев