23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада жексенбіге қараған түні дүниеге келген сәбилердің аналарына домбыра сыйға тартылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстанда шілде айының алғашқы жексенбісінде Ұлттық Домбыра күні атап өтіледі. Осы атаулы күні дүниеге келген сәбилерді құттықтау – игі дәстүрге айналған.
Биыл да бұл дәстүр жалғасын тапты. Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, оның ішінде ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы, Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары және Астана қаласы Аналар кеңесінің мүшесі №2 көпбейінді қалалық аурухананың босану блогына барып, жас аналарға сыйлықтар табыстады.
Жас аналар мен олардың нәрестелеріне гүл шоқтары мен домбыралар тарту етілді.
Домбыра – қазақ халқының мәдени мұрасы мен ұлттық болмысының бір бөлігі. Мұндай сый – мәдени құндылықтардың ұрпақтан ұрпаққа жалғасуын білдіретін символдық мәнге ие.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік