6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҰлттық кітапханасында шығыс өркениетінің ұлы шайырлары – Әбу Абдулла Рудаки мен Хаким Әбілқасым Фирдоусиге арналған әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шара қос ақынның мерейтойына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жиынға ғылым, мәдениет, білім және дипломатиялық орта өкілдері қатысты.
Бағдарлама аясында ирантанушы ғалымдардың мазмұнды баяндамалары тыңдалып, ақындардың шығармалары түпнұсқа және қазақ тіліндегі аудармаларда оқылды.
Сонымен қатар Ұлттық кітапхана қорынан «Рудаки және Фирдоуси – парсы әдебиетінің өшпес жұлдыздары» атты виртуалды көрме таныстырылды.
Әдеби-музыкалық кеш аясында ақындардың шығармаларынан музыкалық композициялар орындалып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі