Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАлматы қаласында 9-12 маусым аралығында киножобаларды ашық қорғау өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, питчингке Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының екі кезең бойынша іріктеуінен сәтті өткен 99 жоба қатысуда. Барлық процесс Кино орталығының ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағалидің айтуынша, мемлекет қаржысына түсірілетін фильмдердің мазмұны мен сапасы жоғары деңгейде болуы тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, конкурсқа өтінім қабылдау 13 наурызда аяқталды. Биыл көркем, деректі және анимациялық фильм секцияларында барлығы 444 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 357 жоба Сараптама кеңесінің қарауына жіберілді. Бағалау нәтижесінде 128 сценарий мен сценарий жоспары екінші кезеңге өтті.
Құжаттардың толық пакетін тапсырған соң 99 жоба питчингке жолдама алды. Сараптама кеңесі жобаларды бағалау барысында бірқатар негізгі критерийлерге назар аударды. Атап айтсақ, бекітілген басым тақырыптарға сай болу, сценаридің тұжырымдамалық деңгейі, сюжет динамикасы мен драматургиялық құрылымы, техникалық мазмұны және кейіпкерлер бейнесінің терең ашылуы ескерілетін болады.
Сараптама кеңесі іріктеген жобаларға мемлекеттік қаржылай қолдау көрсетіледі және туынды ұлттық фильм мәртебесіне ие болады.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды