Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҰлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 9-12 маусым аралығында Алматы қаласында конкурстық іріктеудің екі кезеңінен сәтті өткен киножобалардың питчингін өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, ашық қорғау форматында ұйымдастырылған питчингте Сараптама кеңесі 99 жобаны жан-жақты талдады.
Талқылау соңында Сараптамалық кеңес дауыс беру өткізді. Нәтижесінде ұлттық фильм мәртебесіне үміткер 33 киножоба оң қорытынды алды. Әрі қарай жобалар Ведомствоаралық комиссияның қарауына жолданады, - делінген мәліметте.
Биыл байқауға қызығушылықтың жоғары болғанын атап өткен жөн. Конкурсқа барлығы 444 өтінім түсті, олардың ішінде көркем, деректі және анимациялық фильмдер секциясы қамтылды.
Сараптамалық кеңестің қарауына 357 жоба жолданды. Бағалау нәтижесінде 128 сценарий мен сценарийлік жоспар екінші кезеңге өтті. Бұл кезеңде қатысушылар толық құжаттар пакетін ұсынды. Қорытындысында 99 жоба питчингке жіберілді.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек