22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыПрезиденті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясында Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мақсат - отандық ғылым саласындағы жетістіктерді насихаттау, ғалымдардың ерен еңбегін бағалау, сондай-ақ жас зерттеушілерді ынталандырып, олардың инновациялық бастамаларына қолдау көрсету, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Бағдарлама аясында ғылыми-инновациялық әзірлемелер көрмесі ұйымдастырылып, еліміздің жетекші ғалымдары мен академиктері мазмұнды баяндамалар жасады. Сонымен қатар ведомстволық наградалар табысталып, белгілі ғалымдар академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған арнайы төсбелгілермен марапатталды.
Іс-шара шеңберінде «Ғылым ордасының» ауласында ерекше символдық мәнге ие «Сәтбаев сакураларын» жаңғырту рәсімі өтті. Бұл күні екі сакура ағашы – Kanzan және Kiku-Shidare түрлері отырғызылды.
Аталған бастама – қоршаған ортаны қорғауға қосылған үлес қана емес, сонымен қатар ұлттық ғылымның тарихына, оның ішінде академик Қаныш Сәтбаевтың мұрасына деген құрметтің көрінісі.
Айта кетейік, осы орында алғаш рет сакура ағаштарын 1960 жылдары жапон делегациясы Қаныш Сәтбаевтың құрметіне отырғызған болатын.
Сакураларды отырғызу рәсіміне академиктер, депутаттар, жапондық делегация мүшелері мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев