7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Мемлекет басшысы Ұлттық гидрогеологиялық қызметті қайта құруды тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа Су ресурстары және ирригация министрлігінде осы мәселесімен айналысатын екі басқармасы бар департамент құрылды.
Ведомство басшысы Нұржан Нұржігітовтың айукынша, қызметтің ұйымдық құрылымы, жарғылық құжаттары әзірленді, олар жақын арада Үкіметтің қарауына ұсынылатын болады.
«Ұлттық гидрогеологиялық қызмет жер асты суларын басқару, іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, жер асты суларына мемлекеттік мониторинг жүргізу саласында мемлекеттік саясатты жүргізу үшін ұйымдастырушылық және басқа да қажетті өкілеттіктерге ие болады. Жер асты суларын ұтымды пайдалану мәселелері ерекше бақылауда болады», - деп атап өтті.
Айта кетерлігі, өңірлік кооперацияның жаңа моделінің маңызды элементі ретінде су-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану мәселесін көрші мемлекеттермен жан-жақты пысықталып жатыр. Министрлік Орталық Азия елдерінің министрлерімен, даму бойынша халықаралық әріптестермен консультациялар өткізді.
«Бүгін мен Швейцария елшісімен және Blue Peace Central Asia су-энергетикалық консорциум мәселелері жөніндегі бағдарламасының өкілімен кездестім. 2024 жылы «Аралды құтқару» халықаралық қорына төрағалық Қазақстанға көшеді және біз бұл мәселені белсенді түрде ілгерілететін боламыз. Қазіргі уақытта Орталық Азия елдері арасында су-энергетикалық ынтымақтастық тетігін құру туралы келісімнің жобасы әзірленуде», - деп қорытындылады өз сөзін Н. Нұржігітов.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?