Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБұған дейін ол Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ермек Қуантыров «Қазатомөнеркәсіпте» жаңа қызметке тағайындалды. Компания мәліметінше, ол 2023 жылғы 5 шілдеден бастап «Қазатомөнеркәсіптің» құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалды.
Қуантыров мырзаның функционалдық міндеттеріне құқықтық қамтамасыз ету процесіне басшылық жасау, халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік ету, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі қызметті ұйымдастыру, сондай-ақ кешенді басқаруды жүзеге асыру және сатып алу процестері мен компанияның корпоративтік басқаруына басшылық жасау кіреді, - делінген мәліметте.
Ермек Қуантыров 1989 жылы туған. 1.0 президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, Әділет министрлігінде әртүрлі басшылық лауазымда жұмыс істеген, соның ішінде Ұлттық зияткерлік меншік институтын (Қазпатент) басқарды, сонымен қатар Колумбия университетінің құқық магистрі (LL.M.) дәрежесіне ие.
«Қазатомөнеркәсіптің» құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалғанға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.
Ал оның ағасы Әлібек Қуантыров – ұлттық экономика министрі.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар