29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыӘлібек Қуантыров Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жас қазақстандықтармен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Министр студенттердің сұрақтарына жауап берді және отандық, венгриялық компанияларда өндірістік практикадан өту мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ, халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығы туралы сөз қозғалды.
ҰЭМ басшысының айтуынша, мұндай тағылымдамалар тәжірибе жинауға және мамандық таңдау кезінде дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Министрдің сөзінше, еліміз жастарға ерекше көңіл бөлуде. Бүгінгі таңда жас кадрлар елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени-рухани өміріне белсенді қатысуы керек.
Әңгіме соңында Ә.Қуантыров студенттерге оқуда табыс тіледі. Сонымен қатар, министр «Globalia Kft» компаниясының бас атқарушы директоры Габор Шагимен кездесу өткізді.
Тараптар жасыл энергетиканы дамыту бойынша жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, шетелдік компания Шымкент, Түркістан және Тараз қалаларында күн және жел электр станцияларының құрылысын жүзеге асыруда. Бұдан бөлек, кәсіпорын Атырау облысында жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаны іске асыруды пысықтауда. Министр Қазақстан өз алдына жасыл энергетикаға көшу бойынша өршіл мақсаттар қойып отырғанын атап өтті. Еске салайық, ҚР 2016 жылы Париж келісімін әлемде алғашқылардың бірі болып ратификациялады.
Осы құжатты іске асыру шеңберінде 2030 жылға қарай Қазақстан парниктік газдар шығарындыларын 15% - ға қысқартуға ниетті. Осы уақыт ішінде жаңартылған энергия көздерінің үлесін қазіргі 4% - дан 15% - ға дейін жеткізу жоспарлануда. Осыған байланысты венгриялық компаниялардың жасыл технологияларды дамыту бойынша ұсыныстары қолдау табады.
Сондай-ақ, ҰЭМ басшысы ҚР Үкіметі қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға және шетелдік инвестицияларды белсенді тартуға ерекше назар аударатынын айтты.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек