Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары31 қазан – 1 қараша күндері Алматыда Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің (World Crafts Council, WCC) өкілдері қатысатын қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді.
Іс-шараға 50-ден астам шебер қатысып, дәстүрлі қолданбалы өнерді заманауи креативті индустрияның бір бағыты ретінде таныстырады.
«Атакент» КЦДС-нің «Бақшасарай» алаңында киізден, былғарыдан, ағаштан, металдан және керамикадан жасалған бұйымдар, авторлық әшекейлер, ұлттық музыкалық аспаптар мен дәстүрлі тұрмыстық заттар ұсынылады. Бағдарлама аясында көрме-жәрмеңке, шеберлік сабақтары, қолөнер техникасын көрсету және мәдени қойылымдар ұйымдастырылады.
Жәрмеңке дәстүрлі қолөнер мен заманауи шығармашылық тәсілдерді тоғыстырады. Ұлттық нақыштарды дизайн мен авторлық бұйымдарда жаңаша қолдану қолданбалы өнерді дамытуға, бірегей шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға және мәдени мұраны заманауи форматта сақтауға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Дүниежүзілік қолөнер кеңесі өкілдерінің қатысуы Қазақстанның қолөнер дәстүрлерін халықаралық кәсіби ортаға таныстыруға және тәжірибе алмасуды кеңейтуге мүмкіндік береді. Жергілікті шеберлер үшін бұл шара өз жұмыстарын таныстыруға, кәсіби байланыс орнатуға және қолөнерді дамытудың жаңа тәсілдерімен танысуға арналған алаң болмақ.
Келушілер қолдан жасалған бұйымдарды сатып алып, олардың жасалу үдерісін тамашалай алады. Сондай-ақ дәстүрлі қолөнер техникасы туралы көбірек біліп, шеберлік сабақтарына қатысуға мүмкіндік бар.
Жәрмеңке 2026 жылғы 31 қазан – 1 қараша күндері Алматы қаласында, Тимирязев көшесі, 42, 1-корпус мекенжайындағы «Атакент» КЦДС-нің «Бақшасарай» алаңында өтеді. Кіру тегін.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек