Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚаскөйлер түрлі сайттар мен мобильді қосымшаларды қолдан жасап, Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсының интерфейсін көшіріп жүр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ лауазымды тұлғалардың суретін пайдаланады.
Бұдан бөлек, Қазақстан Ұлттық Банкі жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейтінін және телефон, электрондық пошта немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы жеке мәліметтерді сұратпайтынын еске саламыз.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Ұлттық Банк қаражатты қайтарып беру туралы ақпаратты ұсынушы сайттарда алаяқтық әрекеттің айқын белгілері бар екенін қаперге алуыңызды сұрайды. Өйткені: Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді, жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жүргізбейді, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Ұлттық Банк мобильді қосымшаларды орнатпауға, дербес деректерді жария етпеуге, ұялы телефонға қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік бермеуге және телефонмен әңгіме барысында бейтаныс адамның нұсқауымен қандай да бір қаражатты өзге бір үшінші тұлғаның шотына аудармауға үндейді.
Егер сіз немесе танысыңыз осындай қаскөйлердің арбауына тап болса, алаяқтық фактісі бойынша іс қозғау үшін құқық қорғау органына жүгінген дұрыс.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?